Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылы «Тассай» индустриялық аймағында жалпы құны 19 млрд 684 млн теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылатын болады. Нәтижесінде 720 жаңа жұмыс орны ашылады.
Ең алдымен, ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев «Asia Trafo» ЖШС 110-120 кВт болатын жоғары кернеулі трансформатор шығаратын зауытқа барды.
«Зауыт іске қосылуға әзірлік жұмыстарын жандандырып жатыр. Бұл кәсіпорын іске қосылған жағдайда 400 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады», - деді Ж. Түймебаев.
Айта кетейік, кәсіпорын кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында жүзеге асырылып жатыр. Мұндағы жоба құны 17,5 млрд теңгені құрайды. Зауыт жылына 120 трансформатор шығаруды жоспарлап отыр. Зауыт өнімдері Қазақстан мен ТМД елдерінің сұранасын қанағаттандыратын болады.
«Тассай» индустриялық аймағының жалпы аумағы 89 гектарды құрайды. Мұнда бүгінде жалпы құны 37 млрд 948 млн теңгені құрайтын 25 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Жобалар толық іске асса, 1631 жұмыс орны ашылатын болады.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024