Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Google-дың жасанды интелект бөлімшесін басқарушы Apple-ге ауысты

Google-дың жасанды интелект бөлімшесін басқарушы Apple-ге ауысты

Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz - Apple бұрынғы Google AI (Artificial Intelligence) және Google Search компаниясын басқарған Джон Джаннандреаны жұмысқа алды, деп жазады The New York Times.

Джаннандреа Apple-дің «машина оқыту және жасанды интелект стратегиясын» басқарады. Ол тікелей директор Тим Кукке есеп беретін 16 басшының бірі болады.

Джаннандреа алғашында MetaWeb компаниясында техникалық директор қызметін атқарған. Кейін Google компаниясы 2010 жылы MetaWeb компаниясын сатып алғаннан кейін, 2010 жылдан бастап ол Google-да жұмыс істеді.

Бұл тағайындау өте маңызды. Себебі Apple жасанды интеллект көмегімен жасалынған ақылды бағдарламалық жасақтаманы құру үшін бәсекелестерінен едәуір артта қалған сияқты.

Әсіресе, Apple жасанды интелект технологиясының басым бөлігін салатын Siri цифрлық көмекші Amazon компаниясының Alexa және Google Assistant-тің мүмкіндіктерінен әлдеқайда артта келеді.

Похожие материалы