Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда №12 бағыт бойынша итальяндық автобус сынақтан өтуде

Алматыда №12 бағыт бойынша итальяндық автобус сынақтан өтуде

Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz - Итальяндық Iveco компаниясы Алматы бағытында сынақ өткізу үшін автобус ұсынды. Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл төменгі қабатты 12-метрлік, кондиционер, рампалық, видеокамералармен жабдықталған автобус.

Қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Мақсұт Исаховтың айтуынша, газбен жүретін автобус үш ай аралықта Қазақстан қонақ үйінен Медеуге дейінгі аралықта №12 бағытқа қызмет етеді.

9d2c20ebfe323d3442ab9b98d93.jpg

«Бұндай маркалы автобустар өздерін әлемдік нарықта оң жағынан әлдеқашан дәлелдеп қойған. Бірақ біз оны Алматы жағдайында сынап көруіміз керек, сондықтан бұл маршрут максималды жүктеме үшін таңдалған. Баға мен сапаның оңтайлы комбинациясын ескере отырып, барлық сипаттамаларды салыстыра отырып, тасымалдаушыларға белгілі маркалы автобустар беріледі», - деді ол.

CNH Industrial аймақтық менеджері Роберто Бонзоның айтуынша, автобус Алматыға Еуропадан әкелінген. Сондай-ақ, ол жоғары сапа стандарттарына сай келеді.

«Егер Алматы тасымадаушылары біздің брендімізге тоқталса, біз Қостанайдағы зауытта өндірілетін отандық автобустарды ұсына аламыз. Тиісінше, қолайлы баға мен кепілдік шарттары ұсынылатын болады», - деді «СарыарқаАвтоПром» ЖШС басқарушы директоры Орудж Назаров.

Естеріңізге сала кетейік, №12 бағыт Mercedes-Benz газ маркалы автобусты да тестілеуден өткізіп жатыр.

Похожие материалы