Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz - Sirin Labs компаниясы блокчейн технологиясы бойынша жұмыс істейтін әлемдегі алғашқы Finney смартфонын таныстырды.
Finney көмегімен пайдаланушылар криптовалюта өндіре алады, сатып алуды цифрлық әмияндар мен криптовалюта арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ деректерді блокчейн технологиясының көмегімен сақтайды. Бұл олардың қауіпсіздігін айтарлықтай арттырады.Finney нарыққа 2018 жылдың қазан айында шыға бастайды. Компания бұл құрылғы үшін қазірдің өзінде 25 000 алдын-ала тапсырыс алғанын мәлімдейді.
Sirin Labs компаниясы смартфонды FIH Mobile компаниясыммен бірге шығарады. Смартфон Siri OS ашық операциялық жүйесінде жұмыс істейтін болады.
Finney-дегі қосымша деректер қауіпсіздігі көздің торы сканерлеу мен саусақ іздері арқылы қамтамасыз етіледі. Құрылғының құны әлі белгісіз. Бұдан басқа, Siri Labs құрылғысын шығарғаннан кейін оның технологиясын басқа компанияларға сату жоспарланып отыр.
Смартфон «Ethereum» платформасында жұмыс істеуге арналған, алдын ала орнатылған мобильді Status клиентімен шығады.
«Біздің мақсатымыз - қарапайым тәжірибені қолдай отырып, блокчейн технологиясын стандарттау», - дейді Siri Labs компаниясының негізін қалаушы және жетекшісі Моше Хогег.
Finney компаниясы Sirin Labs компаниясының екінші жобасы. 2016 жылы компания деректерді қорғауды күшейтетін Solarin сәнді смартфонын шығарған. Смартфон құны 14 мың доллар болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024