Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) Директорлар кеңесі 2017 жылдың қорытындысына сәйкес, қарапайым акциялар бойынша дивидендтерді төлемеуді ұсынды, деп хабарлайды LS.
ҚМГ БӨ артықшылықты акциялары туралы жарғысына сәйкес, бір акция үшін 25 теңге көлемінде кепілдік берілген ең төменгі дивиденд мөлшері төленеді.
Бұл шешім компанияның акционерлерімен 2018 жылдың 22 мамырына жоспарланған акционерлердің жылдық жалпы жиналысында бекітіледі. 2017 жылы ҚМГ БӨ төлемдері 20 млрд теңге немесе бір акция үшін 289 теңгені құраған.
Айта кетерлігі, 2018 жылы наурызда жаһандық депозитарлық қолхаттар (ЖДҚ) және қарапайым акциялар бойынша тендерлік ұсыныс мерзімі аяқталды. Нәтижесінде ҚМГ БӨ және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы шығарылған қарапайым акциялардың 99,5 пайызына ие.
Сондай-ақ, 2018 жылдың 11 сәуірінде ҚМГ БӨ Лондон және Қазақстан қор биржаларына ЖДҚ-ны және қарапайым акцияларды делистингілеуге өтінім берді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024