Алматы. 9 ақпан. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі cәрсенбі күні 9 ақпанға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.
АҚШ доллары — 324,62 теңге, 1 еуро — 345,56 теңге, Ресей рублі — 5,46 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 405,61теңге, жапон йені— 2,89 теңге, 1 қытай юаньы — 47,22 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,69 теңге, 100 өзбек сумы— 9,88 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 8 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 323,05 теңге деңгейінде нақтыланды.
Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.