Алматы. 9 қараша. 7kun.kz – 2018 жылдың 9 айында Қазақстанда жұмыс істейтін 200 жұмыспен қамту орталығының қызметіне 543,6 мың адам жүгінген, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,1 мың адамға (6,5%-ға) көп.
Өтініш берген азаматтардың 48,8%-ын әйелдер, 38%-ын 29 жасқа дейінгі жастар және 17,7%-ын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар құрайды.
Тұрақты жұмысқа 294,5 мың адам орналастырылды, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 81,7 мың адамға (38,4%-ға) артық.
Көп жағдайда жұмыс берушілер еңбекке ақысы төмен бос жұмыс орындарын мәлімдейді. Үміткерлердің 75%-ы айына 50 мың теңгеден кем, тек 2%-ы 100 мың теңгеден жоғары жалақы алатын бос жұмыс орындарына орналастырылды.
Сонымен қатар, бос жұмыс орындары туралы ақпаратты толтыру сапасы төмен болып қалуда. Бос жұмыс орындарының 2%-ында жұмыс берушілер жалақының көлемін жазбайды немесе ең төменгі жалақыны көрсетеді.
Дегенмен, жұмыс берушімен әңгімелесу барысында жұмыс іздеуші үшін жоғары жалақы деңгейі белгіленуі мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024