Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

9 маусым - Ұлттық аза тұту күні

9 маусым - Ұлттық аза тұту күні

Астана. 9 маусым. 7kun.kz - Бүгін Қазақстанда Ақтөбедегі теракт кезінде қаза болғандарды аза тұту күні.

Заңнамаға сәйкес, бұл күні барлық мекемелердегі Қазақстанның Мемлекттік Туы мен республиканың әскери күштерінің тулары төмен түсіріледі. Отандық телеарналар мен радиолар ойын-сауық бағдарламаларын тоқтатады. Сондай-ақ осы күні теле-радиоканалдардағы жарнамаларға тыйым салынады.

Айта кетейік, 5 маусымда діни радикалдар Ақтөбе қаласында екі қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімшеге шабуыл жасап, салдарынан 3 әскери қызметкер және 4 бейбіт тұрғын қаза тапты. 37 адам жарақат алған, олардың көпшілігі әскери қызметкерлер. Ақтөбедегі терактіге қарсы операция барысында 13 қылмыскердің көзі жойылып, 9-ы ұсталды.

Шабуыл теракт деп танылып, Ақтөбеде террорлық қауіптің “қызыл” деңгейі, ал Қазақстан бойынша 40 күнге “сары” деңгейі енгізілді.

Похожие материалы