Алматы. 27 сәуір. 7kun.kz - Астанада сәуірдің 26 мен 27 аралығында халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелеріне қатысты Қазақстан – Чехия Аралас комиссиясының отырысы өтті. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық туралы айтып, екі ел арасындағы жүктерді тасымалдау жөнінде ақпарат алмасты, сондай-ақ тасымалдауға қосымша рұқсат бланкілерінің көлемін белгіледі, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.
2017 жылы Қазақстан мен Чехия арасында жүктерді тасымалдауда оң динамика байқалды. Жыл қорытындысы бойынша автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау көлемі бұл бағытта 17 %-ға өсіп, 17,9 мың тоннаны құрады. Негізгі тасымалданатын жүктер қатарында жабдықтар, электрондық техникалар және халық тұтынатын тауарлар бар.
Бұл бағытпен жүрушілердің көптігіне байланысты екі тарап 2018 жылы жан-жақты рұқсат бланкілерінің көлемін 600-ге (барлығы 1400) және үшінші елдерге/ден тасымалдауға рұқсат беретін бланкілер санын 200-ге (барлығы 400) дейін ұлғайтуға келісті.
Биылғы жылдың рұқсат бланкілері 2019 жылдың 1 ақпанына дейін жарамды болады.
Сонымен қатар 2019 жылға 1400 әмбебап және 400 үшінші елдерге/ден алдын-ала рұқсат квотасы келісілді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024