Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz - Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің өкімімен ШҚО әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Ерлан Қапарұлы Аймұқашев тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz.
Жаңа орынбасарды облыс әкімдігі активіне Даниал Ахметов таныстырды. Ерлан Қапарұлы 1970 жылы 18 наурызда Павлодар қаласында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын және Павлодар университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мемлекеттік қызметте еңбек жолын 2000 жылы Павлодар облысы әкімі істері басқармасының хаттамалық іс-шаралармен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы қызметінен бастады. 2001 жылдың желтоқсанынан Павлодар облысының туризм және спорт департаментінің бастығы, кейін Павлодар облысы әкімінің көмекшісі міндетін атқарады. 4 жыл бойы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің көмекшісі болды.
2012 жылдың наурызында Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым бойынша коллегиясы (Министр) мүшесі секретариатының басшысы лауазымына тағайындалды. 2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратын басқарды. Ал 2016-2017 жылдар аралығында Өскемен қаласы әкімі қызметін атқарды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024