Тұрғын үйді жалдаудан ең қымбат қалалардың үштігінде бұрынғыша Астана, Алматы және Ақтау қалалары тұр. Астанада 1 шаршы метр 2676 теңгеге, Алматыда 2250 теңгеге, Ақтауда 2016 теңгеге жалға беріледі. Бағаның өсуі Астанада анық байқалады, жылдық өсім 13%-ға тең.
2018 жылы сәуірде пәтердің 1 шаршы метрі орташа есеппен 2676 теңгеге жалға берілсе, 2017 жылы дәл осы уақытта жалдау құны 2358 теңгені құраған. Алматы қаласында Астанаға қарама-қайшы үрдіс жүрген, яғни мегаполисте жалға беру бағасы 7% арзандаған. Тұрғын үйді жалдау 2018 жылдың сәуірінде 2250 теңгені құраса, 2017 жылы дәл осы уақытта 2267 теңге болған.
Жалдау құнының бірден көтерілуі Жазқазғанда байқалған. Тұрғын жай аумағының тарифі бір жылда 21% өскен. Осы сәуір айында металлургтер қаласында пәтер жалдау 1 шаршы метріне 1107 теңге болса, бір жыл бұрын бұл баға 910 теңгеге бағаланған.