Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылдың сәуірінде қазақстандық мұнай 0,6%-ға өсіп, тоннасына 52,7 мың теңгені құрады, деп хабарлайды LS.
2018 жылғы наурызда оның құны тоннасына 52,4 мың теңгені құрады. Жыл басынан бері мұнай бағасы 7,6%-ға өсті.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, сәуір айында ең қымбат мұнай қызылордалық мұнай болды. Бұл аймақтың шикізат көлемі тоннасына 79,6 мың теңгеге бағаланды (жыл басынан бері 15,8%-ға өсті).
Өз кезегінде, Ақтөбе мұнайының тоннасы 17,3%-ға (тоннасына 60,5 мың тоннаға дейін), Маңғыстау мұнайы 13,3%-ға (тоннасына 48,8 мың тоннаға дейін), Атырау мұнайы 2,7%-ға (тоннасына 49,4 мың теңгеге дейін) қымбаттады.
Сонымен қатар өткен айда бір тонна бензин 144,2 мың теңге тұрды. Ол бір айдың ішінде 0,8%-ға қымбаттады. Ал жыл басынан бері оның құны 0,7%-ға төмендеді.