Экономика
Данияр Ақышев қырғыз валютасының 25 жылдығына орай өткізілген конференцияға қатысты
Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы 2018 жылғы 11 мамырда Қырғыз Республикасының ұлттық валютасы енгізілуінің 25 жылдығы құрметіне өткізілген Халықаралық конференцияға қатысты.
Конференцияға Қырғызстан Президенті С. Жээнбеков, Қырғыз Республикасы Парламентінің және атқарушы билігінің өкілдері, ХВҚ Басқарушы Директорының орынбасары Т.Чжан, ХВҚ, АДБ, ЕҚДБ, ХҚК, ЕАДБ, ЕЭК өңірлік өкілдері, Қырғыз Республикасының мемлекеттік реттеуші-қадағалаушы құрылымдарының басшылары, Армения, Грузия, Моңғолия, Молдова, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Швейцария және Чехия орталық банктерінің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Армения, Грузия, Моңғолия, Молдова, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Швейцария және Чехия қатысушылары қырғыз сомының пайда болу тарихымен танысты, жүргізіліп отырған экономикалық реформалар бойынша тәжірибе алмасты, ақша-кредит жүйесінің халықаралық аспектілерін талқылады, сондай-ақ қаржылық технологиялар мүмкіндіктері, төлем және есеп айырысу жүйелеріндегі сын-қатерлер, киберқауіпсіздік сияқты өзекті мәселелер бойынша пікірталас жүргізді.
Осы іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Д. Ақышев Қырғызстанның бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024