Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz - Бүгін ҚР Парламентінің жалпы отырысы барысында Мәжіліс депуттары Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген дәрі-дәрмектердің экономикалық қолжетімділігін арттыруға, олардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ұтымды пайдалануға ықпал ететін заң жобасын талқылады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәскеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауына және Еуропалық экономикалық одаққа дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жалпы нарығын құруға сәйкес әзріленді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халық үшін дәрі-дәрмектердің экономикалық қолжетімділігін арттыру үшін оларды көтерме және бөлшек сату кезінде дәрі-дәрмекке арналған бағаларды реттеуге мүмкіндік беретін механизмдер енгізілетін болады. Бұл механизмдерді әзірлеу кезінде ЭДЫҰ және ЕАЭО елдерінде дәрі-дәрмектерге арналған бағаларды реттеу бойынша халықаралық тәжірибе ескерілетін болады.
Дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заң жобасы 2018 жылғы қаңтардан бастап өндірушілер мен дистрибьюторлар үшін, ал бөлшек сату желісі үшін 2023 жылғы қаңтардан бастап тиісті фармацевтикалық практикалардың халықаралық стандарттарын енгізуді көздейді.
Одан басқа, заң жобасы шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды оңтайлы таңдау және оларды этикалық ілгерілету жөніндегі нормаларды әзірлеген болатын.
Сондай-ақ, заң жобасы ҚР Қаржы министрлігінің сатып алу порталын қолдана отырып, дәрі-дәрмекті электрондық сатып алуға көшуді көздейді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024