Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz - 2017-2018 қаржы жылындағы Toshiba Corporation корпорациясының таза пайдасы (2018 жылдың 31 наурызына дейін) 804 млрд иенді (7,34 млрд доллар) құрады. Бұл - төрт жылдық шығындардан кейін компанияның алғашқы пайдасы, деп жазады vestifinance.ru.
Акцияға шаққандағы пайда 228,08 иен (2,08 доллар) болды. Жапондық өндірушінің сату көлемі 3,95 трлн иенді (36,1 млрд доллар) құрады. Бұл өткен жылғыдан 2%-ға төмен.
Сонымен бірге компания ағымдағы 2018-2019 қаржы жылына арналған болжамын ұсынды (2019 жылдың 31 наурызында аяқталады). Оның айтуынша, компания 1,07 трлн иен (9,8 млрд доллар) таза табыс табады. Жапондық өндірушінің сату көлемі 3,6 трлн иен (32,9 млрд доллар) болады.
Компания жад микросхемаларын әзірлеуге және өндіруге мамандандырылған Toshiba Memory жартылай өткізгіш бөлімшесінің жоспарлы сатылымы аясында оң болжам жасады. Ол Bain Capital инвестициялық қорының басшылығымен компания тобына 18 млрд долларға сатылады. Бірақ MarketWatch инсайдерлерінің пікірінше, Toshiba бұл жоспардан бас тарта алады.