Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев: 2030 жылға қарай жасанды интеллект әлемдік экономиканы 16 трлн долларға арттырады

Назарбаев: 2030 жылға қарай жасанды интеллект әлемдік экономиканы 16 трлн долларға арттырады

Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz - Бүгін Global Challenges Summit 2018 форумында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік экономикаға цифрландыру процесінің ықпалына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы өз сөзінде цифрландырудың адамдар өмірінің барлық аспектілерінің бірінші мегатренді болып отырғанына тоқталды.

«Біздің көз алдымызда қарқынды түрде экономиканың жаңа моделі құрылуда. Бизнес қана емес, сонымен қатар қоғамның барша өмірі цифрландырылған. Жаңа технологиялардың қарқынды дамуы базалық факторларды өзгертеді. Өндірістерді қадағалайтын әрі жақсарта алатын, өзін-өзі жетілдіретін электронды жүйелер үйреншікті құбылысқа айналды. 2030 жылға қарай жасанды интеллект әлемдік экономиканы 16 трлн долларға арттырады», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Похожие материалы