Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz - Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев қор нарығын дамыту бағыттары жөніндегі бастамалар туралы ҚЕУРОБҚ өкілдерімен кездесу барысында айтып берді.
Ол Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісін Орталық депозитарийге қосу арқылы бірыңғай есеп орталығын құру есебінен есеп айырысу және қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеу жүйесін оңтайландырудың көзделіп отырғандығын атап өтті. Бұл нарық инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға, инвесторлардың бағалы қағаздармен операцияларды жүргізуге кеткен уақыты мен шығасыларын қысқартуға мүмкіндік береді.
«Алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені ескере отырып қор нарығының жұмыс істеу ортасы мен тетіктерін қалыптастыру корпоративтік басқару сапасы проблемасын шешпей тиімді болмайды. Корпоративтік дауларға және адал емес практикаға қадағалау, тәуелсіз директорлардың рөлін күшейту, акционерлер мен инвесторлардың қоғамдардағы мүдделерін қорғау қажет», - деді Д.Ақышев.
Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы аталған іс-шараға корпоративтік стандарттары айрықша жоғары компаниялар қатысып отырғанын атап өтті. «Өкінішке орай, аталған алаңнан тыс мұндай ұйымдардың саны аз, олар мүлдем жоқ деп те айта алмаймын, бірақ жеткіліксіз. Көп жағдайда бағалы қағаздардың әлеуетті эмитенттері болып табылатын компаниялар корпоративтік басқарудың озық тәжірибелерін енгізуге және корпоративтік ақпаратты ашуға әзір емес, қоршаған әлемнің тез өзгеруіне қарамастан, өзгеруге дайын емес. Менің ойымша, сіздердің тәжірибелеріңіз басқа отандық компаниялар үшін жақсы үлгі бола алар еді»,- деді ол.
Сөзінің соңында Д. Ақышев Ұлттық банк диалог үшін ашық екенін және инвесторлардың пікірі бойынша инвестициялар тарту процесін күрделендіруі мүмкін позицияларды талқылай келе, шетелдік инвесторларды қоса алғанда, бизнестің ұсыныстары мен ескертулерін қарастыруға әзір екенін атты.