Экономика
Авто
Ақышев: Біздің алдымызда сақтандыру нарығын реттеуді жетілдіруге қатысты бірқатар міндеттер тұр
Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz - Біздің алдымызда сақтандыру нарығын реттеуді жетілдіруге қатысты бірқатар міндеттер тұр. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында ҚЕУРОБҚ өкілдерімен болған кездесуде Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтып берді.
«Сақтандыру нарығын реттеуді жетілдіру жөніндегі міндеттердің ішінде заңнаманы халықаралық практикаға сәйкес жетілдіру, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетіктерін жасау, Қазақстанның ДСҰ-ға және ЕАЭО-ға кіруін ескере отырып, сақтандыру нарығына қатысушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бар», - деді Д. Ақышев.
Ол заңнамалық бастамалар шеңберінде Парламенттің онлайн-сақтандыруды енгізуді, туроператордың жауапкершілігін сақтандырудан туристің өзін сақтандыруға өтуді, жүктелген сақтандыруды енгізуді, сақтандыру омбудсманының қызметін кеңейтуді, сондай-ақ өмірді сақтандырудың әлеуметтік маңызды өнімдері бойынша қосымша кепілдіктер енгізуді қарайтындығын атап өтті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024