Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Қазгеология» батыс және солтүстік аймақтарда бұрғылау жұмыстарын жүргізеді

«Қазгеология» батыс және солтүстік аймақтарда бұрғылау жұмыстарын жүргізеді

Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - 2018 жылдың сәуір айынан бастап Мемлекеттік тапсырма бойынша «Қазгеология» Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарында бұрғылау жұмыстарын жүргізеді.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының Оңтүстік-Батыс Торғайындағы Айке алаңында мыс кенін бұрғылау жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында Солтүстік-Актан қорғасын-мырыш кенін игеру, сондай-ақ, Қостанай облысының Краснооктябрь кен ауданында мырыш кенін іздестіру жұмыстары жалғасады.

Іздестіру ұңғымаларын бұрғылауды әлемдік Atlascopco және DANDO сияқты компания ең жаңа бұрғылау қондырғыларымен іске асырады.

Бұрғылау қондырғылары негізгі өнімділік 90%-дан 98%-ға дейін қамтамасыз етеді. Бұл бұрғылау аймақтарындағы руда аймақтарын және негізгі тау-кендерін егжей-тегжейлі сипаттауға мүмкіндік береді.

Жалпы, бұрғылау жұмыстарына инженерлік-техникалық қызметкерлерді қосқанда 50-ден астам маман тартылды. Геологиялық сүйемелдеуді «Қазгеологияның» геологтары жүргізеді.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бұрғылау жұмыстары уақытында басталады және бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, Оңтүстік Кемпірсай кенішінде ауқымды геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері табылған минералдану мәліметтерін және жаңа хромиттерді іздестіру үшін 11355 метрлік барлау ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары жүргізілді, 317 сынама іріктелді.

Похожие материалы