Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шағын және орта бизнес субъектілері 1,1 млн-ға жетті

Шағын және орта бизнес субъектілері 1,1 млн-ға жетті

Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - 2018 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері 1,1 млн-ға жетті, деп хабарлайды LS.

2017 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,2%-ға өсті. ШОК субъектілерінің жалпы санындағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 65,1%, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі - 18,5%, шаруа немесе фермерлік шаруашылықтардың үлесі - 16,2%, орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі - 0,2% болды.

ШОК субъектілерінің басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында - 183,5 мың, Алматыда - 169,6 мың, Алматы облысында - 113,2 мың, Астана қаласында - 102 мың.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, кәсіпкерлер мен фермерлік шаруашылықтардың ең аз саны Қызылорда облысында - 39,4 мың, БҚО-да - 38,6 мың және Солтүстік Қазақстан облысында - 28 мың.

Айта кетерлігі, 2011 жылдан бастап қолданыстағы ШОК субъектілерінің саны 331,5 мыңға (39,1%) артты.

Похожие материалы