Алматы. 4 маусым. 7kun.kz - «Челси» футбол клубының иегері Роман Абрамовичтің визасын ұзарту бас тартылған соң, Лондонда үйі бар ресейліктер екіге бөлінді. Алғашқылары санкцияның кесірінен ақша қажет еткендіктен, жылжымайтын мүлікті сатуға ниет білдіру үшін агенттіктерге жүгініп отыр. Басқалары билік олардың жағдайы туралы сұрақтар туғызбай тұрғанда, Ұлыбританиядан мүмкіндігінше тезірек кетуді құп көріп отыр.
Beauchamp Estates элиталық жылжымайтын мүлік фирмасының басшысы Гэри Хершемнің айтуынша, өткен жылы оған Лондонда үй сатып алуды жоспарлаған ресейлік кәсіпкерлерден шамамен 20 қоңырау түскен.
«Орыстардың ақшасы аз болды. Олар жақсы дос болып, жақсы үйлерді иемденіп, оларға көп төлеуді қалады. Бірақ қазір бәрі басқаша. Роман Абрамовичпен болған жағдай көрінгеннен, әлдеқайда жаман. Қаншама адам, егер олар бұндайды оларға жасаса, онда маған да бұны жасай алады, деп ойлайды», - деді Хершем.
Хершемнің пайымдауынша, алдағы жылдарда элиталық тұрғын үй сату жағдайлары қалыпты жағдайға оралады, бірақ Лондон бай шетелдіктерге қатысты әлемдегі ең қонақжай қалалардың бірі болуын тоқтатуы мүмкін.
«Қауіпсіз айлақ сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызға еш нәрсе қауіп төндірмейтіндігін, бизнесіңіз, мүлікіңіз, балаларыңыз бен әйеліңіз қауіпсіз жерде және қоғам сізді қабылдайтынын білдіреді. Сіз көшеге шығып, орысша, арабша немесе кез келген басқа тілде сөйлей аласыз», - дейді Хершем.
Қазір Ұлыбританияның мыңдаған ең бай адамдары арасында үздік 20 ең бай адамдардың тізімінде бұрынғы КСРО-ның үш келімсегі бар. Олардың арасында Леонард Блаватник (3 орын, 15,2 млрд фунт стерлинг), Алишер Усманов (8 орын, 10,5 млрд фунт) және Роман Абрамович (13 орын, 9,3 млрд фунт).