Экономика
Выбор редактора
Британдық компания «Қазатомөнеркәсіптен» уранды 170 млн долларға сатып алады
Алматы. 5 маусым. 7kun.kz - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы британдық Yellow Cake компаниясымен уран сатып алуға ұзақ мерзімді келісім жасасты, деп хабарлайды LS.
Компания 170 млн долларға 7% жеңілдікпен - U3O8 уранын 8,1 млн фунт стерлингке сатып алуды жоспарлап отыр. Ал оның нарықтық бағасы бір фунт үшін шамамен 22 долларды құрайды. Металл ядролық реакторларда пайдаланылатын болады. Ал, өнім Канадада Cameco корпорациясында сақталады.
Yellow Cake-ті сатып алуға қаражат Лондон қор биржасында қоғамдық үлестіру есебінен алынады. Үлестіруден болжанған сома - 160 млн доллар мен 200 млн доллар аралығы. Сондай-ақ, егер орналастыру көлемі 170 млн доллардан асса, Yellow Cake қазақстандық уранды сатып алу мүмкіндігін қарастырады. «Қазатомөнеркәсіппен» келісім-шарт компанияға алдағы тоғыз жылда тауарды жылына 100 млн долларға сатып алуға ерік береді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024