Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сағынтаев Жаңаөзендегі ірі энергетикалық нысандарды аралады

Сағынтаев Жаңаөзендегі ірі энергетикалық нысандарды аралады

Алматы. 8 маусым. 7kun.kz - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Жаңаөзен қаласындағы энергетикалық нысандарыды аралады.

Атап айтанда Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы аясында іске асырылған «ӨзенМұнайГаз» АҚ жаңа өндірістік базасы, «Өзен Жылу» МКК шағын ЖЭО болды.

«ӨзенМұнайГаз» АҚ нысанында Бақытжан Сағынтаев кәсіпорынды цифрландыру және технологиялық жаңғырту барысымен танысты. Жаңа өндірістік база Болгарияда, Ресейде, Қытайда шығарылған заманауи станоктармен жабдықталғанын атап өту керек, оларды енгізу жөндеу жұмыстарының қуаттылығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, мұнда Премьер-Министр мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының стандартталмаған жабдықтарын шығару және жөндеу процесімен танысты.

«Цех қуаттылығы жыл сайын 400 мың сорғы-компрессор құбырларын, 300 мың сорғы штангілерін, 10 мың тереңдік сорғысын жөндеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын 2017 жылғы желтоқсаннан бастап жұмыс істейді, мұнда 300-ден астам адам еңбек етеді», — деді цех директоры Б. Нұрлыбаев.

«ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры Б. Абайылданов өз кезегінде процестерді автоматтандыру және сырттағы ұйымдардың қызметінен бас тарту алдағы жылдары орта есеппен 967 млн теңге көлемінде үнемді қамтамасыз ететінін айтты.

«Өзен Жылуды» аралау кезінде Бақытжан Сағынтаев Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында шағын жылу-электр стансаларын кеңейту және жаңғырту нәтижелерімен және 2018–2019 жж. жылу маусымына әзірлік барысымен танысты.

Қазандық директоры Әділбек Рубилов жеткізгендей, 2017 жылдың соңында ЖЭО-де Германияда өндірілген жаңа құбырлар іске қосылған, бұл «МАЭК–Қазатомөнеркәсіп» қызметінен бас тартып, сыртқы тұтынушыларға электр энергиясын жеткізуге мүмкіндік берген.

Похожие материалы