Алматы. 11 маусым. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-мамыр аралығында тұрғын үйді сатып алу бойынша 95,2 мың мәміле жасалды, деп хабарлайды LS.
2017 жылдың аталмыш кезеңімен салыстырғанда сату 5,6%-ға артты.
Ең көп өсу Маңғыстау (19,6%), Атырау (15,9%) және Ақтөбе (18,5%) облыстарында тіркелді.
Солтүстік Қазақстан облысында және Алматыда жылжымайтын мүлікті сату 0,6%-ға және 5,7%-ға төмендеді.
Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, мамырда тұрғын үй сатып алудың 22,3 мың мәмілесі жасалды, бұл сәуір айымен салыстырғанда 1,5%-ға артып отыр.
Айта кетейік, өткен айда 6,8 жеке үй және 15,4 мыңнан астам пәтер сатылды.