Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның сыртқы борышы 168 млрд  долларды құрады

Қазақстанның сыртқы борышы 168 млрд  долларды құрады

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz - Елдің сыртқы борышы 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 168 млрд  долларды құрады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтып берді.

Ол сыртқы борыштың құрылымында 62%-ы фирмааралық берешекке тиесілі екенін атап өтті. Ол негізінен Қазақстанның аумағында мұнай-газ жобаларын іске асыратын шетелдік компаниялар филиалдардың борышынан тұрады.

«Мемлекеттік сектордың сыртқы борышы 8%-ды, мемлекет бақылайтын ұйымдардікі - 16%-ды, жеке сектордікі – 14%-ды құрайды», - деп түсіндірді Д. Ақышев.

Атап айтқанда, ол соңғы 3 жылда Қазақстанның сыртқы борышы мемлекеттің және оның бақылауындағы ұйымдардың сыртқы борышының, сондай-ақ топішілік қаржыландырудың есебінен 10 млрд долларға немесе 6%-ға ұлғайғанын айтып берді.

«Жеке қаржы секторының сыртқы міндеттемелері 4 млрд доллар немесе 56%-ға қысқарды», - деп атап өтті Д. Ақышев.

Қорытындылай келе, ол қазіргі уақытта Үкімет мемлекеттік және квазимемлекеттік қарыз алуды бақылауды күшейтіп жатқанын айтты. Ұлттық банк, өз кезегінде, қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеу жұмысын жалғастырады.

Похожие материалы