Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Астана» халықаралық қаржы орталығында бірқатар кадрлық өзгерістер болды

«Астана» халықаралық қаржы орталығында бірқатар кадрлық өзгерістер болды

Алматы. 15 маусым. 7kun.kz - «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарма төрағасы болып Тимоти Беннет тағайындалды. Ал, Арман Тастанбеков бас заңгер және басқарма мүшесі болды, деп хабарлады АХҚО-ның баспасөз қызметі.

«АХҚО-ның директорлар кеңесі мен биржа акционерлері (AIX) Тимоти Беннеттің басқарма төрағасы лауазымына тағайындалуын, бас заңгер және басқарма мүшесі ретінде Арман Тастанбековтың, сондай-ақ АХҚО-ның биржасындағы реттеу басшысы Жан-Филипп Луванкураның тағайындалуы туралы хабарлайды», - делінген хабарламада.

Баспасөз хабарламасында айтылғандай, Т.Беннетт бұрын Жаңа Зеландия қор биржасының (NZX) басқарма төрағасы, бағалы қағаздар мен деривативтер нарығының лицензияланған операторы болды. Оның қызмет ету аясында Жаңа Зеландия биржасы NZX басқарушы қоры арқылы 23 биржалық инвестициялық қорды іске қосты. Сондай-ақ, Жаңа Зеландияның бірнеше мемлекеттік кәсіпорындары жекешелендірілді. NZX-ға келгенге дейін, Т.Беннетт Азиядағы Oliver Wyman және Boston Consulting Group компанияларында серіктес болды.

Арман Тастанбековтың халықаралық жетекші заңгерлік фирмаларда серіктес ретінде және FTSE100 тізімінде компания үшін мемлекеттік кеңесші ретінде және халықаралық заң кеңесшісі саласында 17 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Оның құқықтық тәжірибесі капитал нарығына, Қазақстан мен аймақтағы экономиканың негізгі секторларында бірігу мен сатып алуларға бағытталған.

Жан-Филипп Луванкур бұрын NYSE Euronext, Societe Generale және Kleinwort Hambros-та жұмыс істеді. АХҚО биржасында қаржы қызметтерін реттейтін АХҚО коммитеті мақұлдаған өзін-өзі реттеу моделі үшін AIX-дегі нарықтарды, эмитенттерді және саудаға қатысушыларды реттеуге жауапты болады.

Айта кетейік, Astana International Exchange (AIX) – «Астана Халықаралық қаржы орталығы» АҚ биржасы. Қор биржасының негізгі стратегиялық серіктестері: акционерлік келісім келісілген Шанхай қор биржасы мен техникалық платформаны ұсынған NASDAQ.

Похожие материалы