Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ОПЕК мұнай нарығында орын алуы мүмкін жетіспеушілік жайлы мәселені көтермек

ОПЕК мұнай нарығында орын алуы мүмкін жетіспеушілік жайлы мәселені көтермек

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz –  Мұнай нарығы теңесуге жақындап келе жатыр. Біріккен Араб Әмірліктерінің энергетика және өнеркәсіп министрі Сухейль аль-Мазруи осындай пікір білдірді, деп хабарлайды LS.

«Қор мөлшері 2017 жылдың басынан бері айтарлықтай азайды және мұнай нарығы біртіндеп теңдікке жақындап келе жатыр», - деп мәлімдеді министр.

Ол аталмыш мәселе 22 маусымда Венеда өтетін ОПЕК-тің кезекті кездесуінде басты назарға алынатынын айта кетті.

«Ұйымдардың кей импорттаушы елдер мен тұтынушылардың әлемдік мұнай нарығындағы дағдарысқа қатысты айтқан пікірлерін ескеруіне тура келеді»,  - деп атап өтті аль-Мазруи.

Естеріңізге сала кетсек, бұрын Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына (ОПЕК) мүше үш мемлекет мұнай өндіру көлемін арттыру ұсынысына вета қоюды жоспарлап отырғаны жайлы мәлімденген болатын. Бұл ОПЕК+-тің мұнай өндіруді тәулігіне 300 мың баррельге арттыру жоспарымен де тығыз байланысты. АҚШ Иранмен ядролық келісімнен шықпастан бұрын, Сауд Арабиясына егер баға көтеріліп кетсе, мұнай бағасын тұрақтандыруға қатысты өтініш жасаған болатын. ОПЕК+ тарабы мұнай өндіруді 2016 жылдың қазанындағы деңгейден 1,8 млн баррельге дейін төмендетті. Мамыр айында ОПЕК мұнай өндіруді арттыруы мүмкін деген ақпарат пайда болды.

Похожие материалы