Алматы. 22 маусым. 7kun.kz – Алматы қаласындағы ең арзан пәтерлер Наурызбай және Түрксіб аудандарында сатылуда, деп хабарлайды LS.
Жылжымайтын мүліктің жаңа салынған немесе қолданыста болғанына байланысты, мегаполистегі жаңа тұрғын үйлер орташа есеппен шаршы метріне 326-340 мың теңгеден сатылымға шықса, Наурызбай ауданында тұрғын үйдің орташа бағасы шаршы метріне 225 мың теңгеден саудалануда.
Сонымен бірге, Түрксіб ауданында шаршы метрі 155 мың теңге болатын ең арзан пәтерлерді кездестіруге болады.
Ал, Алатау ауданында арзан және қымбат пәтерлер арасындағы айырма басқа аудандармен салыстырғанда едәуір аз.
Ең қымбат тұрғын үйлер Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында орналасқан. Медеу ауданында пәтерлердің ең жоғары құны тіркелді, мұндағы пәтерлердің шаршы метрі 745 мың теңге тұрады.
Тэги:
Похожие материалы
Отбасы банк увеличил максимальную сумму по своей самой популярной ипотеке
- 02 желтоқсан, 2025
Кредиты бизнесу могут измениться в Казахстане: банки получат новые льготы
- 01 желтоқсан, 2025





