Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Ақтауда индустриалды аймақты толтыра алатын кәсіпкерлер болмайынша, аймақ салынбайтынын айтты.
«Қазақстанда инфрақұрылымдық аймақтарды салу жаппай белең алып кетті. Мен оған қарсымын. Бізде арнайы экономикалық аймақ (АЭА) барлық инфрақұрылымдарымен бірге бос тұр. Бізде талап басқаша. Біз инвесторларды жақсы тануымыз қажет. Нақты доба болған уақытта біз де нақты көмек беретін боламыз. Бір жобаға инфрақұрылым тартпаймыз, 10 шақты жоба болуы тиіс. Индустриалды аумақ керек. Бірақ, оның толатынына көзіміз жетпей, біз бір тиын да бөлмейміз», - деді А.Айдарбаев дүйсенбі күнгі әкімшілік жиналысында.
Аймақ басшысы Ұлыбританияның экс-премьер-министрі Тони Блэрдің қауымдастығының мамандарымен бірлесе отрып, үш жылдық экономикалық кезеңге арналған шаралардың арнайы жоспары жасалғандығын жеткізді.
«Бағдарламада облыс әкімінің қарамағында болатын атқарушы орган құру ойда бар. Ол жерде туризм мен басқа да салаларда жұмыс жасайтын топ құрылып, қызмет етеді. Олар әр сектор бойынга тыңғылықты жұмыс жасайтын болады. Мұны бір жыл бұрын да жасауға болар еді. Бірақ, қағаз жүзінде көрсеткенді қаламадық. Жүзеге асыруды қаладық», - дейді аймақ басшысы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024