Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған "Қазақ елі" телесериалының түсірілімі жоспар бойынша жүріп жатыр және 5 млн доллар қаржы жетеді. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.
"Қаржыландыру басталған кезде фильмнің жалпы құнының 30 пайызы бөлінеді. Пайдалану туралы есеп берілген кезде екінші транш беріледі. Түсірілімді бастаған топ әлі жұмысының 30 пайызы туралы есеп берген жоқ. Яғни, олар жалпы 5 млн доллардың 1,5 млн-ын ғана алды", - деп түсіндірді А.Мұхамедиұлы.
Министрдің сөзінше, сериалға қажетті негізгі қаржы Қазақфильмнің есепшотында және оны "физикалық түрде жұмсау мүмкін емес".
"5 млн доллар жоқ деген бұрыс ақпарат. Ол 30 пайызды мен жеке бақылап отырмын. Костюмдер тігіліп, реквизиттер дайындалды. Екі ай бойы дыбыстау, актерлермен дайындық жүріп жатыр. Біз оның өте жоғары сападағы көркем фильм болғанын қалаймыз", - деді мәдениет және спорт министрі. Оның айтуынша, актерлермен дайындық үшін Қазақфильм аумағында қалашық құрылған.
"Мұның барлығы дайындық кезеңі. Шынайы түсірілімдер басталған кезде, декорациялардың жоғары сапада болғанын қалаймыз", - деп атап өтті ол.
Еске салайық, осыған дейін Қазақ хандығы туралы фильмнің түсіру жұмыстарына қосымша қаражат керек деп хабарланған еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024