Американдық хедж қорлар мұнай бағасы көтерілуінің мөлшерлемелерін соңғы екі жылдың ішінде ең төмен деңгейге қысқартты, бұл АҚШ-тың артық отынды сақтайтын жерлерінің болмау қаупіне байланысты болып отыр деп хабарлайды Bloomberg.
10 наурызға дейінгі бір апта ішінде инвестқорлар WTI мұнайына арналған таза "ұзақ" позицияларды (баға жоғарылауының мөлшерлемелері) 2,5%-ға қысқартты.
Бұл ретте "қысқа" позициялардың (төмендеудің мөлшерлемелері) саны рекордтық деңгейге дейін өсті.
WTI бойынша таза ұзақ позициялардың саны апта ішінде 4,032 мың шартқа, 160,278 мың фьючерс мен опционға дейін азайды - 2013 жылдың қаңтарынан бері ең төмен көрсеткіш.
Қысқа позициялардың саны 4,763 мыңға, 42,770 мыңға дейін артты.
NYMEX-те сатылатын мұнайдың физикалық мөлшерлері сақталатын Оклахома штатында орналасқан Кушинг терминалындағы қор көлемі соңғы үш ай ішінде екі есе өсті.
Халықаралық энергетика агентігінің болжамына сүйенсек АҚШ-тағы отын сақтауға арналған резервуарлардың екіден үші толып тұр.
Бұл ретте бұрғылау қондырғыларының қысқаруына қарамастан АҚШ-тағы мұнай өндірісі артып келеді.
"Мұнайды сақтауға арналған қуаттар бірте-бірте аяқталып жатқандығын көріп тұрмыз, және бұл проблеманы қалай шешу қажеттігі белгісіз, - деп мәлімдеді Confluence Investment Management аналитигі Билл О'Грэди. - Мен бұл саладағы жағдай жақсарады деп ойламаймын".
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024