Экономика
АҚШ "Ислам мемлекеті" тобының басшылары туралы ақпаратқа 20 млн доллар сыйақы тағайындады
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті "Ислам мемлекеті" (ИМ) тобының 4 лидерінің қай жерде екендігі туралы ақпарат үшін 20 млн доллар сыйақы тағайындады. Бұл туралы Associated Press хабарлайды.
ИМ-ның басшысы Абд аль-Рахман Мустафа аль-Кадули туралы мәліметке 7 млн доллар беріледі. Топтың әрекетін БАҚ-та жарнамалап отырған Абу-Мұхаммед аль-Аднани және Сирияның солтүстік бөлігіндегі әскери қимылдарды басқарып жүрген Грузиядан шыққан Тархан Тимуров Батирашвили туралы ақпаратқа 5 млн доллар тағайындалған. ИМ-ның Сирия мен Түркия шекарасында соғысып жүрген топтың басшысы Тарик бен аль-Тахар бен аль-Фалих аль-Авани аль-Харзи үшін 3 млн доллар бөлінбек. Қаржы "Әділеттілік үшін марапат" бағдарламасының аясында беріледі. 5 мамырда БАҚ-та "Ислам мемлекеті" тобының жауынгерлері Техас штатының, Гарленд қаласындағы Мұхаммед пайғамбардың карикатуралары көрмесіндегі атыс жауапкершілігін өздеріне алғандары туралы хабарланған еді. Айта кетейік, 3 мамыр күні кешке екі белгісіз адам көрме өтіп жатқан ғимараттың автотұрағында атыс ұйымдастырып, күзетшіні жаралаған. Кейінірек екеуі де атып өлтірілді. "Ислам мемлекеті" - 2014 жылы Сирия мен Ирактың жарты аумағын жаулап алған террористік ұйым. Америкалық мамандардың мәліметінше, ИМ-ның жағында 30 мың жауынгер соғысып жүр. 2014 жылдың тамызында АҚШ халықаралық коалициямен бірге ИМ-ге қарсы әскери операция бастады. Пентагонның мәліметінше, операця бастағалы бергі алғашқы 8 айда террористік топ Ирактағы жаулап алған жерінің 17 мың шаршы шақырымынан айырылған. Бірақ олардың Сириядағы позициялары әлі өзгерген жоқ.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024