Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ президенттігіне үміткер: Б.Обама - осал, Сириядағы ресей ұшақтарын атып түсіру керек

АҚШ президенттігіне үміткер: Б.Обама - осал, Сириядағы ресей ұшақтарын атып түсіру керек

АҚШ президенттігіне үміткерлерлің бірі, Нью-Джерси губернаторы  Крис Кристи MSNBS телеарнасына берген сұхбатында  Барак Обаманың осалдығын айтып, Ресейдің әскери ұшақтарын Сирия көгінен атып түсіру керек деп мәлімдеді.

Америкалық саясаткердің сөзінше, В. Путин Вашингтонның Сирияда ұшуға болмайтын аймақ енгізу туралы шешімін қабылдамаса, осындай шараға жүгінуге тура келеді. "Мен ең бірінші Владимирге хабарласып: Біз ұшуға болмайтын аймақты енгізіп жатырмыз. Бұл бәріне қатысты. Әсіресе саған. Сондықтан үміттенбегенің жөн дер едім", — дейді К. Кристи "Біз КСРО-ны құлату үшін аз ақша жұмсаған жоқпыз. Бұрынғы КСРО қайта құрылмас үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек", - деп жауап берді саясаткер журналистің "жағдайға байланысты екі ел арасында соғыс болмайтынына кім кепіл" деген сұрағына.

Похожие материалы