АҚШ-тың сауда балансының теріс сальдосы ақпан айының қорытындысы бойынша 35,4 миллиард долларға дейін қысқарды. Бұл - соңғы 5 жылдағы ең төменгі көрсеткіш деп хабарлайды Американың сауда министрлігінің экономикалық сараптама жасау бюросы.
Қаңтар айындағы тапшылық 42,7 миллиард доллар болды. Оның төмендеуіне импорттың 10,2 миллиард доллар немесе 4,4 пайызға қысқаруы себеп болған. Ақпан айында АҚШ-қа 221,7 миллиард доллардың тауары кіргізіліп, 186,2 миллиард доллар тұратын тауар экспортталды.
Сауда профициті Орталық және Оңтүстік Америка (3,6 миллиард доллар) және ОПЕК елдерімен (300 миллион) саудада байқалған. Ал Қытаймен (27,3 миллиард доллар), ЕО-пен (11 миллиард), Мексика (4,5 миллиард), Жапония (4,3 миллиард) және Италиямен (2,5 миллиард) саудада дефицит тіркелді.
Ресейдің Федеральді кедендік қызметінің мәліметі бойынша, 2014 жылы АҚШ Ресейдің негізгі сауда әріптестерінің бірі болды. Америка тарапынан елге 18,5 миллиард доллардың тауары кіргізілген.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024