Жалақыңыз қолыңызға түскен бойда жоқ болып кете ме? Ендеше, сізге төмендегі қысқа кеңестерді оқып көріңіз.
1. Өзіңіздің қаражатыңызға сай қаржылық жоспар жасап алыңыз. Және сол жоспар бойынша жүруге тырысыңыз. Қажет деп тапсаңыз, қаржы мамандарына барып, кеңес алыңыз.
2. Несие дегеннен барынша аулақ болған жөн. Несие картасына да әуес болмаңыз. 3. Есепшіңізден жалақыңыздың бір бөлігін жинақтау есепшотына аударып тұруын сұраңыз. Немесе жалақы алған күні өзіңіз аударып тұрыңыз. 4. Сізден қарыз алғандар болса, бір жерге түртіп жүріңіз. Теңге тиыннан құралады. Аз ғана сома деп жүргеніңіз, есептей келе көлемді болып шыға келуі мүмкін. 5. Қолма-қол ақшамен ғана төлеңіз. 6. Барлық төлемдерді уақытында жүргізу керек. Бұл тек несие төлемдеріне ғана емес, күнделікті коммуналдық төлемдерге де қатысты. 7. Бір ай шығын шығармай өмір сүріп көріңіз. Тамақ, коммуналдық төлем, көлік және т.б барынша минимал деңгейде жұмсаңыз. Осылайша ай сайын артық ақшаларыңыздың қайда кетіп жатқанын бақылап үйренесіз. Десе де, тым сараңдыққа салынып кетпеңіз. Бұл - тек бір ай тәжірибе жасап көруге арналған кеңес. 8. Құны бірдей купюраларды жинаңыз. Мәселен, қолыңызға түскен 100 теңгенің барлығын жинай беріңіз. Тағы да айтамыз: барлығын жинаңыз. Жарты жылдан соң жиналған ақшаны көріп, қуанарыңыз сөзсіз. 9. Саудаласыңыз. Не алмақшы болсаңыз да, саудаласып үйреніңіз. 10. Өзіңізбен бірге минимал көлемдегі ақша ұстап жүріңіз. Бұл сізді артық шығыннан сақтайды. 11. Банктен есепшот ашыңыз. Белгілі бір уақытқа дейін алынбайтын етіп ашсаңыз, тіпті жақсы. Олай болмаған күнде есепшотымда ақша бар деген оймен келесі айда-ақ ақшаны шешіп алуыңыз мүмкін. 12. Қандай және қанша салық төлейтініңізді біліп жүріңіз. Және ол соманы азайтуға бола ма, соны да қараңыз. 13. Шығыс журналын жүргізіңіз. Шама келсе, күн сайын жазып жүрген абзал. Олай болмаса, аптасына бір рет. Бұл заманда әр адам өзіне не істедім деп қана есеп бермей, қанша ақша жұмсадым деп те есеп бере білуі керек. Есеп жүргізу оңай болсын десеңіз, түбіртектерді тастамаңыз. 14. Қарыз алу керек болса, банктен емес, достарыңыздан алыңыз. Қарызды алған соң, уақытылы қайтарған өзіңізге жақсы. Бұл сіз туралы "сенімді" адам деген түсінік қалыптастырады. 15. Жинақтарыңызды инвестициялаңыз. Біреудің кеңесімен емес, өзіңіз егжей-тегжейлі түсініп алыңыз.Жұмыс барысында
16. Компанияңыз төлейтін барлық курстар мен тренингтерге барыңыз. Бұл сіздің маман ретіндегі бағаңызды көтереді. 17. Екінші жоғары білім алыңыз. Білімге құйылған инвестиция еш кетпейді. Мәнсап жолында жоғарылау мен жалақыңызға берілетін қосымша болып қайтады. 18. Жалақыңызды көтеруін, қосымша бонустар қосуын талап етіңіз. Жақсы маман бола тұра, талабыңыз қаралмаса, жұмыстан кете беріңіз. 19. Түскі асыңызды үйден әкеліңіз. 20. Жол мен тамақтану ақысын есептеп шығыңыз. 21. Қосымша табыс көзі болған дұрыс. 22. Жұмыстан пайызсыз қарыз сұраңыз. 23. Егер сізге бір мәселе жөнінде кеңесші керек болса, таныстарыңыздың ішінде ондай маман жоқ па, ойланыңыз. 24. Блог ашып, сол жерде өз біліміңізбен бөлісіңіз. Бұл сіздің атағыңызды ғана шығарып қоймай, қосымша қаражат түсіруі де, немесе жақсы жұмыс берушінің назарын аудартуы мүмкін. Бұл қалай десеңіз, "Блогерлердің табысы қанша?" атты материалымызды шолып шығыңыз. 25. Қызмет көрсетер кезде бартер әдісін қолданыңыз. Сіз - оған, ол - сізге.Денсаулық
26. Денсаулығыңыз бен сырт келбетіңіздің мүлтіксіз болуын қадағалаңыз. Осы ретте ақша үнемдемеңіз. 27. Фитнес-залдарға абонементтер сатып алыңыз. 28. Ерікті медициналық сақтандыруды қолданыңыз. Бірақ, сізге бұдан келер пайда бар ма, тиімді ме тексеріңіз.Авто
29. Ұсталған көлік сатып алыңыз. Жаңадан алынған машина салоннан шыққан бойда кем дегенде құнының 10 пайызын жоғалтады. 30. Қоғамдық көлікпен тезірек жететін болсаңыз, жеке көлігіңізді қоя тұрыңыз. 31. Үнемді көлік таңдаңыз. 32. Жанармай құяр кезде бағасы арзан деген бекеттерден толтырыңыз. 33. Кептелісте тұрғанда немесе жолаушылар күтіп отырғанда қозғалтқышты сөндіріп қойыңыз. Бұл жанармайды үнемдейді. 34. Сенімді деген компанияларға ғана сақтандырыңыз. Бір жағдай болып қалса, өтемақыны неғұрлым жылдам алу жағын ойластырңыз.Мобильді байланыс
35. Мобильді байланыс үшін оңтайлы тарифтік жоспар таңдаңыз. Операторлар ұсынып отырған акцияларға мән беріңіз. 36. Қала аралық және халықаралық қоңырауларға үнемдеу үшін Skype бағдарламасын орнатып алыңыз.Үй, зат сатып алу
37. Үйіңізге үнемі шағын жөндеу жұмыстарын жүргіңіз. Сіздің жылжымайтын мүлігіңіз - басты активіңіз. 38. Жөндеуге болатын заттар болса, лақтыруға асықпаңыз. Мектеп кезіндегі "Бір уыс мақта" есіңізде болар?! 39. Ірі көлемде сауда жасағалы жатсаңыз, алдын-ала есептеу жүргізу керек. Бүгінде интернет қолжетімді заман болғандықтан, бағасын қарап, салыстырып, ыңғайлы нұсқасын таңдағаныңыз жөн болады. 40. Тек қана химиялық тазалауды қажет ететін киімді алмауға тырысыңыз. 41. Киім болсын, аяқ-киім болсын сатып аларда жан-жақты қарап шығыңыз. Иығы созылып кетпейтін, тігісі сөгілмейтінін алсаңыз, көбірек киесіз. 42. Дисконт карталарды пайдаланыңыз. Немесе, дүкенге кіргенде қандай жеңілдіктер, акциялар болып жатқанын сұраудан еш қымсынбаңыз. 43. Достарыңыз, туыстарыңыз арасында дисконт карталармен алмасу "қорын" жасап алған барлығы үшін ыңғайлы болады. 44. Жеңілдіктер маусымы кезінде сатып алып үлгеріңіз. Осылайша өз гардеробыңызды байытып алуға мүмкіндік ашылады. Дүкенге заттың өткені керек, сізге - зат керек. 45. Біреуге сыйлық жасауды жоспарлап жүрсеңіз, үнемі жеңілдіктер болып жатқан жерді қарайлап жүргейсіз. 46. Шетелден саяхаттап жүргенде duty free-ден сатып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. 47. Күнделікті қолданатын тауарларды бірден көп қылып сатып алыңыз. 48. Егер базардан зат алар болсаңыз, жабылуына жарты сағат қалған кезде барыңыз. Сатушы өтпей қалған тауарды қалайда өткізуге тырысып, арзанға бере салады. 49. Дүкенге азық-түлік алуға баратын кезде, үйден тамақтанып шығыңыз. Қарныңыз тоқ болғандықтан, тек керекті тауарды ғана аласыз. Және міндетті түрде тізім жасау керек. 50. Жаңадан шыққанда техниканы бірден сатып алуға әуестенбеңіз. Жарты жылдай күтіп алғаннан кем болмайсыз. Есесіне, біраз ақша қалтаңызда қалады. 51. Кепілдеме уақыты өтпейінше түбіртектерді сақтаңыз.Демалыс пен саяхат
52. Әуе билеттерін алдын-ала сатып алу керек. Бір күн қалғандағы бағадан айырмашылық біраз болады. Әуе компаниясы ұсынып отырған жеңілдіктер бар ма, біліп алыңыз, 53. Саяхатқа шықпас бұрын қонақ үй бөлмелерінің құнын анықтаңыз. Брондап қойған да артық етпейді. Барынша көп мәліметті барғанға дейін біліп алған жөн.Ақпарат және ойын-сауық
54. Табиғат аясында демалыс қай жағынан да тиімді: ақша аз кетеді және денсаулық үшін де пайдалы. Мейрамханаға арасында барған да жетеді. 55. Киноға баратын болсаңыз, таңертеңгі уақытта бару керек. Кешке қарай билет бағасы қымбаттап кетеді. 56. Тегін бағдарламалық жасақтауларды қолданыңыз. Мәселен, Windows орнына Linux дегендей. Негізі барлық бағдарламалардың тегін нұсқасы болады. 57. Дисктерді әлі де сатып алып жүргендердің қатарынан болсаңыз, дереу тоқтатыңыз. Бір киноны неше рет қарайсыз? Екі-үш рет пе? Одан да онлайн қарай салған жақсы емес пе? Тағы қарағыңыз келсе, жүктеп алуға да болады. 58. Қоғамдағы өзгерістерді білу үшін бірнеше ақпараттық ресурстарды шолуды әдетке айналдырыңыз. Осының кем дегенде жартысын орындап көріңіз. Және міндетті түрде жазба жасап жүргейсіз. Ақшаңыздың қаншалықты үнемделетінін көрейік! Іске сәт! Дайындаған Аққайыр Жадыра "7"Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024