Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақтөбеде 50 млн долларға тоқыма және тамақ өнеркәсібі фабрикасы салынады

Ақтөбеде 50 млн долларға тоқыма және тамақ өнеркәсібі фабрикасы салынады

Ақтөбе. 12 наурыз. 7kun.kz - Түркияның ES Grоup компаниялар тобының меншік иесі Эрдинч Селви Ақтөбе облысында тоқыма және тамақ өнеркәсібі фабрикасын салуға шешім қабылдады. Нысандарды салуға 50 млн доллар жұмсалады, деп хабарлайды Bnews.kz.

Эрдинч Селви екі фабрика құрылысын биыл бастауды жөн көретінін айтты. Екі тарап жылдам іске кірісу барысында тоқыма фабрикасын үш айда іске қосу жоспарлануда. Екі жобаның құны –  50 миллион доллар. Мың адам жұмысқа орналасады.

Эрдинч Селвидің айтуынша, Ақтөбеде жылына 3 миллион тонна дәнді дақыл өңдейтін фабрика салу жоспарда бар. Бұл құс, мал азығы қоң жинап, сиыр сүтінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жоспарда сүт өңдеу, ірімшік шығару цехын салу жобасы да қарастырылған. Екі тарап қазір құжаттарды рәсімдеу, жергілікті әкімдік мемлекет таратынан қажетті көмекті көрсету жұмыстарын бастады. Фабрика Ақтөбе индустриялды аймағында бой көтереді.

Похожие материалы