Алматы. 6 шілде. 7kun.kz – Ақтөбе облысында Астананың 20 жылдығына орай мерекелік шаралар өтіп жатыр. Бүгін Қандыағаш қаласында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылды.
Бұл оқиғаны ерекше балақайлардың ата-аналары көптен бері күткен болатын. Психологиялық-педагогикалық көмек 11 жыл бойы жергілікті мектептің бейімделген бөлмесінде көрсетіліп келді. Бөлме небәрі 7 балаға қызмет көрсетуге арналған болатын. Алайда, іс жүзінде түзету сабақтарына Қандыағаштан және аталмыш ауданның бес ауылдық округінен 98 бала бала қатысқан. Келер оқу жылы оларға ерекше қажеттілігі бар тағы 25 бала қосылады.
Жаңа орталықта балаларды әлеуметтік жағынан бейімдеу үшін барлық жағдай жасалған. Жалпы аумағы 384 шаршы метр болатын екі қабатты ғимаратта 10 мамандандырылған кабинет орналасқан. Енді мамандардың көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, ой-өрісі бұзылған және психикалық дамуы кешеуілдеген балалармен жұмыс істеулері кезінде бос кеңістіктің жетіспеушілігіне қатысты проблема болмайды.
Облыс әкімі Орталық жұмысшылары мен ерекше балалардың ата-аналарын көптен күткен жаңалықтарымен құттықтап, ұжымның жүгі ауыр еңбектеріне табыс, ал олардың қамқорлықтарындағы кішкентайларға мықты денсаулық пен бақытты балалық шақ тіледі. Сондай-ақ, облыс әкімі Орталыққа теледидар тарту етті.
Қандыағаш тұрғындарын қуантуға себеп болған тағы бір жаңалық - кезекте тұрғандарға жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді. Олардың қатарында көп балалы отбасылар, мүгедек жандар мен бюджет саласының қызметкерлері бар. Пайдалануға «Достық» және «Жастық» шағын аудандарындағы бес қабатты екі үйден 114 пәтер берілді.
Үйлердің біреуі жаңадан тұрғызылды. Сол үйдің бірінші қабатында орналасқан 12 пәтер арбаға таңылған мүгедек жандардың өміріне толықтай бейімделген. Келесі үй қаңырап тұрған. Оны қалпына келтіруге 190 млн теңге бөлінді. Енді олжайлылық тұрғысынан жаңадан салынған тұрғын үйлерден кем емес.
- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты ең алдымен, халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған. Баспанамен қамтамасыз ету – әлеуметтік саясаттың маңызды тұсы. Президент тапсырмасын орындай отыра өткен жылдың өзінде облыс бойынша 780 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бердік. Биыл кемінде 880 мың шаршы метр тұрғын үй саламыз. Қандыағаштың өзінде жыл басынан бері 3 мыңға жуық адамның баспаналы болуы - белсенді тұрғын үй құрылысының көрнекі мысалы. Осының бәрі Президенттің еліміздің дамыуына дұрыс бағыт беруінің арқасында мүмкін болып отыр, - деп атап өтті құттықтау сөзінде облыс әкімі.
Бұдан басқа, өңір басшысы жұмыс сапары кезінде гүлзар мен ұлы ақын Жамбыл Жабаев ескерткішінің ашылуына қатысты. Мұнда Бердібек Сапарбаев «Бақытты бала» акциясы аясында 20 балаға «Энергетик» лагерінде жазғы демалысын өткізу үшін сертификаттар табыс етті.
Облыс әкімі сондай-ақ, көпфункциялы спорт алаңының ашылу салтанатында болды. Спорт жанкүйерлері шамамен 840 шаршы метр алаңда футболмен, волейболмен, баскетболмен, воркаутпен және т.б. шұғылдана алады. Облыс әкімі жергілікті жастарды салауатты әрі белсенді өмір сүру салтына шақырып, балаларға доптар және жергілікті волейбол командасына кәсіби формалар тарту етті.