IT, Технология
Ақтөбедегі кәсіпорын "ЭКСПО-2017"-нің технологияларын енгізіп жатыр
Ақтөбе. 26 қыркүйек. 7kun.kz — Ақтөбедегі 25 кәсіпорын "ЭКСПО-2017"-нің технологияларын енгізіп жатыр. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтың сөзінше, көрме жұмыстарымен танысуға облыстағы ірі кәсіпорындардың 92 өкілі барған. Олар инновациялық технологияларды жан-жақты зерттеп, бірқатар келіссөздер жүргізген. Нәтижесінде, 25 ақтөбелік кәсіпорын Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылған жалпы құны 43 млрд теңгені құрайтын технологияларды өз өндірістеріне енгізеді.
Облыс әкімі Б. Сапарбаев технологияларды экономиканың түрлі салаларына, соның ішінде тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығына кеңінен енгізу қажеттілігін айтады.
Бұл технологияларды қолдану аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға, энергияны пайдалану тиімділігіне және еңбек өнімділігін арттыруға оң әсерін тигізеді.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024