Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаңтар айындағы инфляция 0,8 пайызды құрады

Қаңтар айындағы инфляция 0,8 пайызды құрады

Астана. 2 ақпан. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар айында баға азық-түлік тауарларына - 1,2%, азық-түлік емес тауарларына – 0,7%, ақылы қызметтерге – 0,4%-ға өсті. Бұл туралы статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен айда баға картопқа - 6,9%, жаңадан жиналған көкөністерге – 6,7%, жаңадан жиналған жемістерге – 1,7%, сиір етіне – 1,5%, консервіленген сүтке – 1,3%, ірімшікке – 1,2%, қара шайға – 1,1%, сары майға – 1%, кондитерлік өнімдерге – 0,9%, құс етіне – 0,8%-ға өсті. Баға қантқа, қарақұмық жармасына 0,8%-ға, жұмыртқаға – 0,2%-ға төмендеді.

Баға өсімі баллондағы сұйытылған газға 3,4%, бензинге – 2,1%, автомобильдерге – 1,4%, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына – 0,9%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге, фармацевтикалық өнімдерге, тұрмыстық аспаптарға – 0,8%-дан, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 0,7%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, тоқыма бұйымдарына – 0,6%-дан, жеке қолданатын тауарларға – 0,5%-ды құрады.

Құқықтық қызметтер үшін төлем 7%, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер – 1,2%, денсаулық сақтау қызметтері – 1%-ға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 1,8%-ға қымбаттады, ал әуе көлігімен – 8,6%, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігімен – 1,9%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 5,6%, электр энергиясына – 1,3%, суық суға – 0,5%-ға жоғарылады.

Похожие материалы