Ақтау. 13 мамыр. 7kun.kz - Ақтаулық көлік жүргізушілер қалада газ бағасының қымбаттап кеткеніне наразы деп хабарлайды "Лада". Басылымның мәліметтері бойынша, Ақтау қаласының көптеген жанармай бекеттерінде газ бағасы 13 теңгеге көтерілген. Бүгінде жанармай бағасы бір литріне 40 теңгеден сатылып жатыр.
"Газ бағасының қымбаттағанына бір апта болды. Алдымен, 27 теңгеден 30 теңгеге көтеріп, қазір 40 теңге қылды. "ҚазМұнайГаз" бекеттерінде газ жоқ, жабық тұр. Бағаны не нәрсеге байланысты көтерді? Билік қайда қарап отыр?" - дейді ашынған жүргізушілер.
Десе де, жанармай бекеттерінің иелері газ бағасының көтерілуі туралы ешқандай мәлімдеме жасап жатқан жоқ. Қалада әзірге бұрынғы бағамен сатып жатқан бірнеше бекет бар. Бірақ, ол жерде тұтынушылар саны көбейіп, кезек көбейді. Маңғыстау облысының жол полициясының айтуынша, облыста автокөліктердің жартысына жуығы жанармай ретінде сұйытылған газды қолданады.
Естеріңізге сала кетсек, газ бағасы 2015 жылдың наурыз айында Астана кәсіпорындары республикадағы ішкі нарықтағы газ бағасының төмендеуіне орай арзандаған болатын. Нәтижесінде, газ бағасы 41 пайызға арзандаған.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024