Алматы. 8 маусым. 7kun.kz - Маңғыстау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қуаныш Берішбаев мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернат директоры мен жұмысшылардың жанжалы түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, деп жазады Лада.
Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, оқиға 7 маусым күні №3 Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болған. «Ұжымда директор мен интернат жұмысшылары арасында өзара сөзге келіп қалған. Маңғыстау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұйрығымен арнаулы комиссия жасақталды. Дүйсенбі күні тексеріс басталады. Мекеменің директоры лауазымынан уақытша шеттетілді. Өз қызметіне қайта ма, жоқ па - комиссияның шешімінен соң белгілі болады», - деді Қуаныш Берішбаев. Инстаграм әлеуметтік желісінде интернат басшысы мен жұмысшылардың жанжалы түсірілген видео тараған болатын.
Дерек көзі: inform.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024