Украина соңғы үш жылда жинақталған сыртқы қарыздарына қызмет көрсете алмайды. Бұл туралы Американың сауда палатасының өкілдерімен болған кедесуде Украина премьер-минситрі Арсений Яценюк мәлім етті.
"Бізі бірінші кезекте соңғы үш жылда жинақталып қалған қарыздарға қызмет көрсете алмаймыз. Ал соңғы үш жылда Украина 40 млрд доллар алды. Сыртқы қарыздарға қызмет көрсету үшін қажетті жалпы сома біздің әскери шығындарымызға тең деуге болады, бұл ЖІӨ-нің 5%-ы", - деп мәлімдеді А.Яценюк. Украинаның Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, елдің сыртқы қарызының көлемі І тоқсанда 15%-ға, ЖІӨ көлемінен 110,5%-ға дейін артты. Бұған қоса мерзімі өткен берешек 900 млн долларға артып отыр. Осы жылдың қаңтар-наурызында мемлекеттік сектордың сыртқы қарызы Халықаралық валюта қорынан несиенің алынуына байланысты 5,4 млрд долларға көбейді.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024