Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақышев: Ұлттық банк екі жылда инфляция деңгейін 3 есеге төмендетті

Ақышев: Ұлттық банк екі жылда инфляция деңгейін 3 есеге төмендетті
Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz - Данияр Ақышев бүгін Астанада Парламент Сенатында соңғы екі жылдағы инфляция деңгейі туралы айтты деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.  Ұлттық банк төрағасы 2016 жылдың шілдесінен (17,7 пайыз) 2018 жылдың наурызы (6,5 пайыз) аралығында инфляция деңгейі үш есеге төмендегендігі туралы айтты. "Инфляцияның төменгі деңгейі жақсылықтың, экономикалық кепілдіктің, елдегі белсенді инвестициялаудың кепілі. Сол себепті қазіргі мақсатымыз инфляцияны 5-7 пайыз деңгейінде ұстау. Ал 2020 жылдан бастап 4 пайыз деңгейіне дейін түсіру",-деді Ақышев. Ақышев инфляция деңгейінен кейін Ұлттық банк ішкі нарықтағы ақша құнының негізгі көрсеткішіне айналған базалық ставканы төмендететінін хабарлады. «Бұл нақты жұмыс көрсеткіші. Қазақстандағы ақша нарығы базалық ставкамен толықтай жұмыс істейді. Банктер салымдар мен несиелер бойынша ставкаларды белгілеген кезде базалық мөлшерлемеге сүйенеді. Мысалы, 2018 жылғы қаңтарда несиелер бойынша теңге бағамы 25,8 пайыздан 2018 жылғы наурызда 12,8 пайызға дейін төмендеді», – деп түсіндірді Д. Ақышев.  

Похожие материалы