"Ақ желкен" мен "Ұлан" балалар басылымдары «Біз де бала болғанбыз» атты мерейтойлық іс-шара ұйымдастырып жатыр
Биыл балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ақ желкен» журналының жарыққа шыққанына 90 жыл, «Ұлан» газетінің қазақ балаларын тәрбиелеп келе жатқанына 85 жыл толды.
«Ұлан» 1930 жылы 14 наурыз күні «Лениншіл жастың» 5-6 беттерінде «Пионер» деген атпен жарық көрді. Ал «Ақ желкен» журналының алғашқы саны 1922 жылдың 22 наурызында жарық көрді. Еліміз егемендігін алған сәтке дейін «Пионер» деген атпен басылды. Қос басылымды әр жылдары Саттар Ерубаев, Сақтаған Бәйішев, Әбілфайыз Ыдырысов, Сейдахмет Бердіқұлов, Фариза Оңғарсынова, Уәлихан Қалижанов, Сұлтан Қалиұлы сынды азаматтар басқарды.
Мерейтойға орай 23-24 қазан күндері (2015 жыл) Алматы қаласында іс-шаралар өтеді. Оған зиялы қауым өкілдері, мектеп директорлары мен орынбасарлары, республиканың түкпір-түкпірінен төл басылымдарына жазып, жанашыр болып жүрген мектеп оқушылары мен студенттер қонақ ретінде арнайы шақырылып отыр.
Салтанатты кештің өтетін орны мен уақыты:
Алматы қаласы, Абай даңғылы (Абылай хан даңғылымен қиылысы), 14-үй, ҚР Ұлттық кітапханасының үлкен залы. 23 қазан, сағат 14.30.
Мерейтой аясында өтетін өзге де іс-шаралар:
23 қазан
11.00 – 13.00. «Ақ желкен» мен «Ұланның» бұрынғы қызметкерлері, танымал журналистер Сәкен Сыбанбай мен Есей Жеңісұлының шеберлік сабағы.
14.30. Салтанатты кеш. Кеш аясында қос басылымның жас тілшілері – Мейіржан Жылқыбай, Елдос Тоқтарбай, Думан Смақов және Алпамыс Файзолланың «Ақ желкеннің ұландары» атты кітабының тұсаукесері.
24 қазан
9.00-10.00.Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде журналистика факультеті
ұстаздарының дәрісі.
11.00-13.00. Поэтикалық-музыкалық кеш.
14.30-16.30. Асылхан Әбдірайымұлы бастаған фототілшілермен кездесу сағаты.
18.00 – Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына қонаққа бару және
демалыс сағаты («Естайдың Қорланы» спектаклін тамашалау).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024