Алматы. 29 маусым. 7kun.kz - Қазақстанда Telegram мессенджеріне тиым салу жоспары жоқ. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев "Интерфакс-Казахстан" агенттігіне хабарлаған.
"Жоқ. Менің түсінуімше олар (Ресей-ред.) өз заңдарына сәйкес блоктады. Біздің заңда ондай таллап жоқ. Сондықтан біз оны блоктамаймыз», деді Абаев агенттік сауалхатына жауабында. Айта кетейік, өткен жұмада Роскомнадзор аталған мессенджердің иесі Павел Дуровтан ресей заңдарын сақтап, ақпарат таратушылар реестріне қажетті мәліметтерді тапсыруға шақырған болатын. Егер ол айтылған уақытта орындалмаса мессенджер Ресей аумағында блокталады. Дүйсенбі күні Ресейлік ФҚҚ Ресей аумағындағы террористер шетелдік кураторларымен ақпарат алмасу үшін өзара ақпарат алмасу үшін Telegram мессенджерін белсенді қолданатыны туралы ақпарат таратқан еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024