Абай облысы. 14 тамыз. 7kun.kz – Абай облысы Аягөз ауданы Бозай ауылы маңынан сақтар кезеңіндегі қорым табылды. Алайда, бұған дейін қорым тоналған, деп хабарлайды 7kun.kz «Хабар 24-ке» сілтемемен.
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің археологтары қорымнан адамның шашылған сүйектері мен алтын әшекейлердің қалдығын тапты. Экспедиция мүшелерінің айтуынша, биіктігі 3, диаметрі 30 метрден асатын қорғанда ерте темір дәуірінде, яғни, шамамен 2700 жыл бұрын өмір сүрген сақ қолбасшысы жерленген болуы мүмкін.
Ғани Омаровтың жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археологиялық топ бұл маңнан әртүрлі кезеңге жататын 60-қа жуық ескерткішті анықтаған еді.
«Бұл жерден аң стиліндегі бұғының, қабыланның бейнесі табылды. Бірақ толық сақталмаған. Зерттеу жұмыстары жалғасады, әлі де жақсы дүниелер шығады деген үміттеміз. Ескерткіштің сыртқы, жер беті, қабір шұңқырының құрылысы өзгеше. Шығыс Қазақстанда, Орталық Қазақстанда мұндай ерекше құрылыс бірінші рет кездесіп отыр. Тас плиталарды қырынан қойып жерлеу ескерткіші анықталып отыр», – деді археолог Бауыржан Бесетаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024