Негізгі әрі жалғыз акционері: "АБДИ ГРОУП" ЖШС
"АБДИ Компани" акционерлік қоғамы - Қазақстандағы кеңсе тауарларының ең ірі бөлшек сауда желісі.
Тарихы Қазақстандық АБДИ компаниясы 1994 жылдың қыркүйегінде құрылған. КСРО құлдырағаннан кейін республикамызға кеңсе тауарлары жүйесіз жеткізіліп жатты. АБДИ компаниясы алдымен мектеп дәптерлерінің көтерме жеткізілімімен айналысты, содан соң ассортимент кеңейе түсті. Республикада сұраныстың артуына және ұсыныстың жеткіліксіздігіне байланысты АБДИ-ның сауда дүкендерінде кезекте тұрған адамдар көбейді, сауда желісін кеңейту қажеттілігі туындады. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында АБДИ-дің 39 фирмалық дүкені бар, оның ішінде 7-і гипермаркет. Сауда алаңдарының жалпы ауданы - 13 мың шаршы метр, қоймалардың алатын орны - 20 мың шаршы метр. 1200 адам жұмыспен қамтылған. 2007 жылы компания Қазақстан қор биржасына алғашқы облигацияларын шығарды. Саны - 900 000 дана. Соммасы - 9 млрд теңге. Басқарушы 1994 жылы компанияның негізін қалаған, содан бері АБДИ-ды басқарып келе жатқан Әбдібек Бимендиев. 1961 жылы туған. Қазақ политехникалық иснтитутын (қазіргі Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ), Бауман атындағы Мәскеу жоғарғы техникалық университетін тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты (1989 ж.). 1994 жылдан қазіргі уақытқа дейін - "АБДИ Компани" АҚ негізін қалаушысы әрі президенті, Серіктестер Компания әлемдегі 19 елдің (АҚШ, Германия, Франция, Италия, Англия, Швейцария, Дания, Ресей және т.б.) 211 өндіруші-фабрикасымен жұмыс жасайды. Шетелдік компаниялармен орнаған көп жылдық серіктестіктің арқасында АБДИ компаниясы көптеген сауда маркаларының эксклюзивті жеткізушісіне айналды. Қазақстанға әкелінетін тауарлар "қазақтандырудан" өтеді, яғни аударма ісі, дизайн, тауар мен материалды іріктеу қамтылады. Осылайша сөрелердегі заттардың әр алуандылығы, айрықшалығы қамтамасыз етіледі. Еліміздегі АБДИ бәсекелестері компания өткізетін барлық тауарлардың тек 20%-ын ұсына алады. Компания қазіргі жетістктеріне мастанбай, барлық ірі халықаралық көрмелерге қалмай қатысады, жаңа өндірушілерді іздестіреді, жаңа тауарлар мен жаңа брендтерге талдау жүргізеді, жаңа дизайн үлгілерін әзірлейді. Бастамалар және халықаралық нарық 2005 жылдан бастап компания тарих, Қазақстан георграфиясы, қазақ тілі және әдебиеті бойынша мектептерге арналған оқу-әдістемелік материалдар мен көрнекі құралдарды, сонымен қатар бастауыш сыныптарға арналған қазақ және орыс тілдеріндегі оқу құралдарын шығарады. Компания жобаларының бірі - балаларға арналған ай сайын басылатын қазақ тіліндегі суретті "Айгөлек" журналының бекітілуі мен шығарылуы. Тиражы - 30 мың дана. Компания 2009 жылы Мәскеуде "АБДИ Инвест" үлестес компаниясын құрды. "АБДИ Инвест" Ресей нарығына белгілі бір бейімделу шараларын қолдана отырып, шамамен 10 млн қалың дәптер мен 40 млн жай дәптерді қамтитын сұранысты өтейді. 2014 жылы АБДИ-дің Ресей нарығындағы табысы 1,5 млн доллар болды. Алыс шетелге шығарылатын компания тауарлары "АБДИ", "АЙСА" және "АЙГӨЛЕК" брендтерімен өткізіледі. Қаржылық көрсеткіштері (01.07.2012 жағдай бойынша)*:- Жарғылық капиталы - 1 127 500 мың теңге
- Меншікті капиталы - -4 072 096 мың теңге
- Жиынтық активтері - 11 139 461 мың теңге
- Сатылым көлемі - 3 822 166 мың теңге
- Жалпы табыс - 665 469 мың теңге
- Таза пайда - -543 667 мың теңге
- ROA - -4,88%
- ROD - 17,41%
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024