Экономика
«Абу Даби Плаза» ғимаратындағы Qazaqstan жазуы не себепті алынып тасталғаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан. 11 тамыз. 7kun.kz – Әлеуметтік желілерде өндірістік альпинистердің қаладағы ең биік ғимараттан Qazaqstan жазуын алып жатқаны туралы хабарланған болатын. «Абу-Даби Плаза» басқарушысы мән-жайға түсініктеме берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, Qazaqstan мұнарасы өз атауын сақтап қалады.
«Ғимарат атауын өзгертпейді. Біз «Абу-Даби плаза» және Qazaqstan атауын ғимаратта қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында алып жатырмыз. Тігінен жазылған жазу тамыз айының соңына дейін алынады», – деді ол.
Сондай-ақ олар ғимараттарға қызмет көрсету кезінде эстетикалық көрінісін жоғалтпайтын атауларды қолданудың өзге нұсқалары қарастырылатынын айтты.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024