Павлодар облысындағы KSP Steel металл кәсіпорны Астанадағы көпфункционалды "Абу Даби Плаза" кешенін салу үшін 5,5 мың тонна арматура жеткізеді. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
"Өткен жылы біз кәсіпорындағы өндіріс көлемін орташа мерзімді кезең ішінде көбейте алатындай шараларды іске асырдық. Олардың құрамында "Абу Даби Плаза" кешені үшін 5,5 мың тонна арматура жеткізу деген келісім-шартта енеді",-деді ол облыс халқы алдында есеп беруінде. Әкім KSP Steel-дің "Абу Дамби Плаза" құрылысына қатысуы компанияның жұмысын тұрақтандыратындығын атап өтті. Павлодар облысының сыртқы саудасының 65%-ы ресейлік нарыққа тиесілі және көрші елдің валюта нарығындағы қазіргі жағдай аймақ өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне жағымсыз әсерін тигізеді. "KSP Steel" ЖШС 2007 жылдың басында негізі қаланған. Компания өнімдерінің тұтынушылары - Қазақстан, Ресей, Латвия. Ал көпфункционалды "Абу Даби Плаза" кешенінің құрылысы туралы келісім-шартқа 2009 жылы Қазақстан үкіметі мен БАЭ басшылары қол қойды. 88 қабатты "Абу Даби Плаза" кешені Орта Азиядағы ең биік ғимарат болуы қажет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024