Алматы. 26 мамыр. 7kun.kz - Activ абоненттері киноға және спорттық шараларға жиі билет сатып алады. Жыл басынан бері Ticketon.kz сайтынан activ абоненттік нөмірі арқылы 1021 билет сатып алынды. Билеттердің жалпы құны 3,6 млн теңгені құрады. Бұл туралы баспасөз қызметі хабарлады.
Қызметті жиірек Алматы қаласының тұрғындары пайдаланады – 491 билет, екінші орында Астана қаласы – 321 билет, үшінші орында Қарағанды – 129. Одан кейін Шымкент және Өскемен қалалары.
Билеттердің орташа құнына байланысты кинотеатрлар мен спорттық іс-шараларға көбірек билеттер сатып алынады. Activ абоненттік нөмірі теңгерімінен сатып алынған бір билеттің максималды құны 65 000 теңгеге жетті.
«2017 жылдың басынан онлайн-сату сервисінде билеттерді сатып алу іске асырылды. Қызмет үлкен сұранысқа ие, себебі банктік картаны қажет етпейді және қосымша комиссиясыз онлайн іс-шараларына билеттерді сатып алуға мүмкіндік береді. Орташа чек әр ай сайын өсіп жатқанын айта кету керек. Қаңтарда 2800 теңге, ал сәуір айында 4400 теңгеге жетті», - деп «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс атап өтті.
Сервис іске қосылған бірінші айда абоненттер 196 билет сатып алды, ақпанда көрсеткіш 251 дейін, наурызда 245 дейін жетті. Сәуір айында activ абоненттік нөмірі теңгерімінен 179 билет сатып алынды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024